Сақтандыру полисінің құнын есептеу | Автосақтандыру | «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы Алматыда, Қазақстан бойынша. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750
Сақтандыру түрін таңдаңыз
  • Автосақтандыру
  • МҮЛІКТІ САҚТАНДЫРУ
  • ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙДАН САҚТАНДЫРУ
  • ШЕТ ЕЛГЕ ШЫҒУШЫЛАРДЫ САҚТАНДЫРУ
 


  • Сипаттама
  • Полис құнының есебі

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ


Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген немесе Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген барлық көлiк құралдарының түрлері, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.

Сақтандыру объектiсi – Сақтанушының (Сақтандырылушының) жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты оның мүлiктiк мүддесi.

Заңды тұлғаларды сақтандыру шарты жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде, пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігіне сақтандыру полисін беру арқылы жасасылады. Сақтанушы өтінішті Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша, көлік құралдарының тізбесін жасап, техпаспорттардың көшірмелерін тіркеп, рәсімдейді.

Сақтандыру мерзімі – 12 ай (көлікті маусымдық пайдалануды немесе оның Қазақстанға уақытша енуін қоспағанда). Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Заңды тұлғалар үшін сақтандыру құны (сақтандыру сыйлықақысы)  1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген базалық сыйлықақы негізінде есептеледі, оған көлік құралының түрі, пайдалану мерзімі және тіркеу орнына қарай заңды тұлғалар үшін Заңда бекітілген коэффициенттер қосылады. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін калькуляторды пайдалануыңызға болады.

Сақтандыру төлемі:

Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі мынаны (айлық есептік көрсеткішпен) құрайды: 

1) әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген және төмендегілерге әкеп соқтырған зиян үшін: 
қайтыс болу - 1000; 
мүгедектік белгілеу: 
I топ - 800, 
II топ - 600, 
III топ - 500; 

«мүгедек бала» - 500;

мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де бұзылуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден көп емес. 
Сақтандыру төлемiнiң мөлшерi стационарлық емделудiң әрбiр күнi үшiн кемiнде 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрауы тиiс; 

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;

3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбірленушіге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

Тікелей реттеу – жәбірленушіге онымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруы.

Сақтанушының түрі
Сақтандырылушылар саны

№ {{$index+1}} × Удалить

Жасыңыз
Бонус-малус
Жүргізу өтілі
Бонус-малус:
Көлік құралының түрі
Көлік құралын шығарылған күнінен бастап пайдалану мерзімі
Көлік құралын тіркеу орны
 
Сақтандыру сыйлықақысы (теңге)
Сақтандыру полисін ресімдеу
Сізге керек бағдарлама бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге үйден шықпай-ақ өтінім қалдырыңыз!
Арнайы ұсыныстар
Біздің клиенттеріміз үшін қызықты мүмкіншіліктер ұсынамыз. Жаңалықтарға құлағыңыз түрік болсын.