Казахинстрах тегін қысқа 797 нөмірін енгізді | Жаңалықтар | «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы Алматыда, Қазақстан бойынша. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750
27 Наурыз 2017

Казахинстрах тегін қысқа 797 нөмірін енгізді

«Казахинстрах» сақтандыру компаниясы байланыс орталығына қоңырау шалу үшін 797 қысқа нөмірін енгізді. 
Енді компанияның өнімдері және қызметтері туралы кеңестер алу, сонымен қатар сақтандыру жағдайы туралы ақпарат хабарлау үшін ұялы телефоннан 797 нөмірін теру жеткілікті. Нөмір қазақстандық ұялы байланыс операторларының барлық абоненттері үшін тегін болып табылады. 
Жаңа электронды сервистерді әзірлеп, енгізу қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруға және компания клиенттеріне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. «Казахинстрах» АҚ бұдан әрі де сақтандыру саласында цифрлы технологияларды пайдалануды дамытуға ниетті.  
Тағы бір айта кетерлік жәйт, бір жылдай уақыттан бері сақтандыру өнімдерін сату жөніндегі Компанияның strahovkatut.kz онлайн қызметі табысты жұмыс жасап келеді, оның нәтижесінде уақыт пен қаражатты үнемдеп, интернет арқылы сақтандыруды сатып алуға болады. 


****
• «Казахинстрах» АҚ – Халық Групп қаржылық тобының құрамына кіретін әмбебап сақтандыру компаниясы, Компанияның 100% акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ. «Казахинстрах» АҚ жеке және заңды тұлғаларға міндетті және ерікті сақтандырудың барлық түрлері бойынша дерлік сақтандыру қорғанысын ұсынады. 
• Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 01.12.2016 жылғы деректері бойынша «Казахинстрах» АҚ брутто-сыйлықақылар жинау бойынша көшбасылардың үштігіне енеді және активтер және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша қазақстандық сақтандыру компанияларының арасында екінші орынды иемденді. «Казахинстрах» АҚ ерікті жеке сақтандыру сегментінде жалпы нарық көлемінің 24,2% үлесімен жетекші позицияларды сақтап қалды.