«Казахинстрах» АҚ-тың қораптағы сақтандыру өнімдерін сату «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшелерінде бастау алды | Жаңалықтар | «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы Алматыда, Қазақстан бойынша. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070
29 Тамыз 2017

«Казахинстрах» АҚ-тың қораптағы сақтандыру өнімдерін сату «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшелерінде бастау алды

«Казахинстрах» АҚ-тың қораптағы сақтандыру өнімдерін сату «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшелерінде бастау алды

2017 жылғы 29 тамыздан бастап «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың Алматы қаласындағы бөлімшелерінде банктің клиенттері – жеке тұлғалар Қазақстан нарығында жоқ қораптағы сақтандыру өнімдерін сатып ала алады. Сақтандыру өнімдерін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың еншілес ұйымы – «Казахинстрах» АҚ ұсынады.

Қораптағы өнімдер – сақтандыру тәуекелдерінің беркітілген жиынтығы және алдын ала бекітілген сақтандыру сыйлықақысы бар өнімдер.  Қазіргі уақытта банктің офистерінен мұндай өнімдердің бес түрін сатып алуға болады. «Квартирный ответ» сақтандыру бағдарламасы жылжымалы мүлікті және үшінші тұлғалардың – сақтандырылушының көп пәтерлі үйдегі көршілерінің алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды қарастырады. Сақтандыру сомасы жылжымалы мүлікке қатысты 1 000 000 теңгені және көршілер алдындағы жауапкершілікке қатысты 500 000 теңгені құрайды, сақтандыру құны 12 000 теңге. «Не горюй!» бағдарламасы сақтанушыға ол жұмысын жоғалтқан кезде екі орташа айлық жалақыға дейінгі төлем төлеуді қарастырады, сақтандыру сыйлықақысы 12 000 теңгені құрайды. «Личный врач» және «Детский доктор» сақтандыру бағдарламалары - бір жыл ішінде Ресейдің жетекші клиникаларының терапевтері мен педиатрларының шексіз онлайн кеңестерін алу, оның ішінде Леонид Рошаль басшылық ететін ресейлік Балалар медицинасы және травматология ҒЗИ мамандарының қашықтан беретін (телемедициналық) кеңестерін алу мүмкіндігі. Бұл сақтандыру өнімдерінің құны 25 000 теңге. «Все будет хорошо!» сақтандыру бағдарламасы сақтандырылушыға бағдарламада қарастырылған қиын сырқаттардың диагнозы қойылған кезде, оған 1 000 000 теңгеге дейін төлем төлеуді қарастырады. Бұл бағдарлама бойынша сақтандыру сыйлықақысы 20 000 теңгені құрайды. 

– Сервистердің жоғарғы деңгейде автоматтандырылуы нәтижесінде клиенттің сақтандыру өнімін сатып алу процесі 5 минуттан аспайды. Ал сақтандыру полисін онлайн түрінде белсендірудің бірегей механизмі сатып алушыға сақтандырылушыны және сақтандыру аумағын дербес анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан банктің клиенттері қораптағы сақтандыру өнімдерін өздеріне, сонымен бірге таныстары мен туыстарына сыйлық ретінде де сатып ала алады, – деп атап өтті «Казахинстрах» АҚ Басқара Төрағасы Омархан Тлеугабылов. – Біздің ойымызша сақтандырудың бөлшек сегментінің келешегі осындай ресімдеу жеңілдігін және жылдам сақтандыру төлемін үйлестірген өнімдерде.

Жақын уақытта қораптағы сақтандыру өнімдері «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың Алматы қаласындағы клиенттерімен қатар банк орналасқан өңірлердегі барлық клиенттер үшін де қолжетімді болады. Бұдан басқа, «Казахинстрах» АҚ мұндай өнімдердің қатарын кеңейтуді, қазақстандықтарға сақтандыру бойынша бірегей ұсыныстар жасауды жоспарлайды.

****«Қазақстан Халық банкі» АҚ (Halyk Bank) – ең ірі, жүйе қалыптастырушы, әмбебап коммерциялық банк, активтері мен меншікті капиталының мөлшері бойынша Қазақстандағы №1, Халық тобы – активтерінің мөлшері бойынша ТМД-дағы үшінші жеке қаржы тобы.

«Казахинстрах» АҚ – әмбебап сақтандыру компаниясы, бірден-бір акционері - «Қазақстан Халық банкі» АҚ. Компания брутто сақтандыру сыйлықақыларын жинау бойынша «жалпы сақтандыру» саласында Қазақстан сақтандыру компанияларының үштігіне кіреді, нетто сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша екінші орынға ие.