Хабарлама | Жаңалықтар | «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы Алматыда, Қазақстан бойынша. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070
25 Қантар 2018

Хабарлама

«Казахинстрах» АҚ Қазақстан Республикасы «Бағалы қағаздар туралы» Заңының 102-бабы 2-тармағының 6)-тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 23 бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес «Казахинстрах» АҚ бірден-бр акционерінің қабылдаған шешімдері туралы хабарлайды.
1. «Казахинстрах» АҚ-тың бірден-бір акционері шешімді қабылдаған күн, уақыт және орын: 2018 жылғы 22 қаңтар. Қазақстан Республикасы, А26М3К5, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 40.

2. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:
1) «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу нысанында «Казахинстрах» АҚ-ты ерікті қайта құру туралы.
2) «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты қайта құруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
3) «Казахинстрах» АҚ жарияланған жай акцияларының санын көбейту туралы.
4) «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) тәртібін, мерзімдерін және бағасын бекіту туралы.
5) Өткізу актісінің нысанын бекіту туралы.
6) «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысын шақыру туралы.
7) «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының күн тәртібін қалыптастыру туралы.
8) Уәкілетті тұлғаны сайлау және оған акционерлердің біріккен жалпы жиналысындағы күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру өкілеттігін беру туралы.

3. Дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетілген «Казахинстрах» АҚ-тың бірден-бір акционері қабылдаған шешімдер:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешім:
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу нысанында «Казахинстрах» АҚ-ты ерікті қайта құру жүзеге асырылсын.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша шешім:
Осы хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты қайта құруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша шешім:
«Казахинстрах» АҚ жарияланған жай акцияларының саны 291 751 (екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз елу бір) бірлікпен 716 966 (жеті жүз он алты мың тоғыз жүз алпыс алты) бірлікке дейін көбейтілсін.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша шешім:
«Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастырудың (өткізудің) мынадай тәртібі, мерзімдері және бағасы бекітілсін:
«Казахинстрах» АҚ «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ жай акцияларын «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ жай акцияларының сату бағасының «Казахинстрах» АҚ-тың 291 751 (екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз елу бір) бірлік санындағы жай акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына тепе-тең өзінің жай акцияларын «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлері арасында орналастыру (өткізу) жолымен сатып алады.
«Казахинстрах» АҚ жай акцияларын орналастыру бағасы «Казахинстрах» АҚ меншікті капиталының оның орналастырылған (қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларына арақатынасынан шыға отырып анықталды және бір акция үшін 69 287 (алпыс тоғыз мың екі жүз сексен жеті) теңге 0,5570183373 тиынды құрайды;
«Казахинстрах» АҚ жай акцияларын «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлері арасында орналастыру мерзімдері - 2018 жылғы 01 маусынан кешіктірмей.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша шешім:
Осы хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес өткізу актісінің нысаны бекітілсін.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша шешім:
«Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысы 2018 жылғы 12 ақпан күнгі сағат 12.00-ге Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 125/185, н.п.4, 9-қабат, конференц-зал мекенжайы бойынша шақырылсын.

Күн тәртібіндегі жетінші мәселе бойынша шешім:
«Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының мынадай күн тәртібі қалыптастырылсын:
«Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу нысанында ерікті қайта құру туралы;
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату бағасын бекіту туралы;
«Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) бағасын бекіту туралы;
«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату және «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру тәртібі мен мерзімдерін анықтау туралы;
«Казахинстрах» АҚ-ты және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты қайта құруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;
Өткізу актісінің нысанын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі сегізінші мәселе бойынша шешім:
Бородовицына Анна Васильевна, топтың капиталын басқару департаментінің директоры «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысында банктің өкілі болып сайлансын, оған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және банктің атынан осы шешімнің 1-5-мәселелері бойынша банктің Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдерге ұқсас шешімдерден мазмұндалған «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының хаттамасына қол қою өкілеттігі берілсін. Акционерлердің біріккен жалпы жиналысын жүргізу барысында күн тәртібі күн тәртібіне енгізілмеген мәселелермен толықтырылған жағдайда, сондай-ақ күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша қосымша материалдар мен түсініктемелер ұсынылған жағдайда банктің атынан банктің мүддесінде өз қалауынша дауыс берсін.
Дауыс беру қорытындылары (нәтижелері): шешімді «Казахинстрах» АҚ-тың бірден-бір акционері қабылдауына байланысты, қолданылмайды.

4. Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: жоқ.