+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750
13 Ақпан 2018

Акционерлерінің біріккен жалпы жиналысында қабылдаған шешімдері туралы хабарлама

«Казахинстрах» АҚ Қазақстан Республикасы «Бағалы қағаздар туралы» Заңының 102-бабы 2-тармағының 6)-тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 23 бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ пен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысында қабылдаған шешімдері туралы хабарлайды.  

1. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ пен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны: 2018 жылғы 12 ақпан, 11 сағат 30 минут. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 125/185 н.п.4.

2. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ пен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу нысанында ерікті қайта құру туралы;

3. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату бағасын бекіту туралы;

4. «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) бағасын бекіту туралы;

5. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату және «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) тәртібі мен мерзімдерін анықтау туралы;

6. «Казахинстрах» АҚ-ты және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты қайта құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;

7. Өткізу актісінің нысанын бекіту туралы.

3. Дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетілген «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ пен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысында қабылдаған шешімдер:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешім:

Акционерлердің біріккен жалпы жиналысының төмендегідей күн тәртібін бекітілсін:

«1. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ пен «Казахинстрах» АҚ акционерлерінің біріккен жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу нысанында ерікті қайта құру туралы;

3. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату бағасын бекіту туралы;

4. «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) бағасын бекіту туралы;

5. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату және «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) тәртібі мен мерзімдерін анықтау туралы;

6. «Казахинстрах» АҚ-ты және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты қайта құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;

7. Өткізу актісінің нысанын бекіту туралы».

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша шешім:

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты «Казахинстрах» АҚ-қа қосу нысанында «Казахинстрах» АҚ пен «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты ерікті түрде қайта құру жүргізілсін.

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша шешім:

Оған сәйкес «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың меншікті капиталы 20 731 595 теңгені және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың орналастырылған акциялар саны сатып алынған акцияларды қоспағанда 406 721 бірлік мөлшерін құрайтын, 01.01.2018 жылғы жай-күй бойынша «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ аудиттелмеген қаржылық есептілігінен шыға отырып есептелген «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың акцияларын сату бағамы 49 701,715906 теңге мөлшерінде белгіленсін.

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша шешім:

«Казахинстрах» АҚ меншікті капиталының оның орналастырылған акциялар санына (сатып алынған акцияларды қоспағанда) ара қатынасынан шыға отырып анықталған, бір жай акция үшін «Казахинстрах» АҚ жай акцияларын орналастыру бағасы 69 287,557018 теңге мөлшерінде белгіленсін.

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша шешім:

1) «Казахинстрах» АҚ «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың жай акцияларын «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың акционерлеріне өздерінің жай акцияларын «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың жай акцияларын сату бағамының 291 751 (екі жүз тоқсан бір мың жеті жүз елу бір) бірлік санындағы «Казахинстрах» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру (өткізу) бағамына ара қатынасына пропорционалды орналастыру (өткізу) жолымен сатып алады. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату бағамының «Казахинстрах» АҚ акцияларын орналастыру (өткізу) бағамына ара қатынасы 0,71732528 құрайды. 

2) «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акцияларын сату мерзімі және «Казахинстрах» АҚ акцияларын «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлеріне орналастыру мерзімі – өткізу актісіне қол қойған күннен бастап үш жұмыс күні.

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша шешім:

«Казахинстрах» АҚ-ты және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-ты қайта құру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы хаттамаға № 2 қосымшаның редакциясында бекітілсін.

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

Күн тәртібіндегі жетінші мәселе бойынша шешім:

Осы хаттамаға № 3 қосымшаның редакциясындағы өткізу актісінің нысаны бекітілсін.

«Казахинстрах» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 337 181 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 100%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

«Казкоммерц-Полис» СК» АҚ акционерлерінің дауыс беру қорытындылары:

Қолдағандар – 406 613 дауыс (дауыс беретін жай акциялардың санынан 99,97344617%),

Қарсы болғандар – жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

4. Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: жоқ.