Хабарлама | Жаңалықтар | «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы Алматыда, Қазақстан бойынша. Сақтандырудың барлық түрі, сақтандыру полисі.

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070
27 Сәүір 2018

Хабарлама

«Казахинстрах» АҚ Қазақстан Республикасы «Бағалы қағаздар туралы» Заңының 102-бабы 2-тармағының 6)-тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 23 бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес «Казахинстрах» АҚ бірден-бір акционерінің қабылдаған шешімдері туралы хабарлайды.  

1) «Казахинстрах» АҚ-тың бірден-бір акционері шешімді қабылдаған күн, уақыт және орын:2018 жылғы 25 сәуір. Қазақстан Республикасы, А26М3К5, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 40.

2) Күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

1) «Казахинстрах» АҚ-тың 2017 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы;

2) «Казахинстрах» АҚ-тың 2017 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, «Казахинстрах» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу немесе төлемеу туралы шешім қабылдау туралы;

3) 2017 жылдың қорытындылары бойынша «Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есепті қарастыру туралы;

4) Акционерлердің «Казахинстрах» АҚ-тың, оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты жүгінушіліктері, оларды қарастыру қорытындылары туралы;

5) «Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2017 жыл үшін сыйақы мөлшері және құрамы туралы;

6) «Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Ерлан Булатович Камбетбаевты сайлау туралы;

7) «Казахинстрах» АҚ-тың бірінші басшына ерікті қайта құру туралы құжаттарына қол қою өкілеттігін беру туралы.

3. Дауыс беру қорытындылары (нәтижелері) көрсетілген «Казахинстрах» АҚ-тың бірден-бір акционері қабылдаған шешімдер:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешім:

«Казахинстрах» АҚ-тың 2017 жылғы жылдық қаржылық есебі бекітілсін.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша шешім:

«Казахинстрах» АҚ-тың 2017 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған таза табысын бөлудің төмендегідей тәртібі белгіленсін:

  • «Казахинстрах» АҚ-тың жай акциялары бойынша 2017 жыл үшін дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
  • «Казахинстрах» АҚ-тың 2017 жыл үшін 4 508 929 000 (төрт миллиард бес жүз сегіз миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың) теңге мөлшеріндегі таза кірісі бөлінбесін және ол «Казахинстрах» АҚ-тың өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірісінде қалдырылсын.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша шешім:

2017 жылдың қорытындылары бойынша «Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесінің жұмысы туралы есеп назарға алынсын және «Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесінің жұмысы қанағаттандырарлық деп танылсын.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша шешім:

Бірден-бір акционердің «Казахинстрах» АҚ-тың, оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне қатысты 2017 жылы жүгінушіліктері жоқ екендігі туралы ақпарат назарға алынсын.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша шешім:

«Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы ұсынған «Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің 2017 жыл үшін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе бойынша шешім:

«Казахинстрах» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Ерлан Булатович Камбетбаев, «Казахинстрах» АҚ-тың қазіргі Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сайлансын.

Күн тәртібіндегі жетінші мәселе бойынша шешім:

Ерлан Булатович Камбетбаевқа, «Казахинстрах» АҚ Басқарма төрағасына «Казахинстрах» АҚ және «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ-тың ерікті қайта құру туралы құжаттарына қол қою өкілеттігі берілсін.

Дауыс беру қорытындылары (нәтижелері): шешімді «Казахинстрах» АҚ-тың бірден-бір акционері қабылдауына байланысты, қолданылмайды.

4. Акционерлік қоғамның шешімі бойынша басқа мәліметтер: жоқ.