Жеке тұлғаларды жазатайым жағдайдан сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Жеке тұлғаларды жазатайым жағдайдан сақтандыру

Жазатайым жағдайдан сақтандыру

Өмір күтпеген жағдайларға толы және олардың бәрі бірдей қуаныш әкеле бермейді. Келеңсіз тосын жәйттер Сізді үйде де, жұмыста да, демалыста да қарауылдап, ұзақ уақытқа ауруханаға таңуы және денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін қыруар шығынға батыруы мүмкін. Жазатайым жағдайдан сақтандыру Сізге болжалды емделу және оңалу шығындарын өтейді.

«Казахинстрах» АҚ Жеке тұлғаларды жазатайым жағдайдан ерікті сақтандыру бағдарламасын пайдалануды ұсынады.

Өмір мен денсаулықты неден сақтандыруға болады?

1) Еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалту;
2) Еңбек қабілеттілігін толықтай жоғалту;
3) Сақтандырылушының қайтыс болуы.

Қанша тұрады?
Сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру жағдайына байланысты анықталады және мынаған тең;

1) «ағза қызметтерінің уақытша бұзылуы» тәуекелі бойынша төлем азға қызметінің осындай бұзылуының әрбір күні үшін сақтандыру сомасынан 0,16% есебінен орындалады (ауруханада болу немесе үй жағдайында емделу), бірақ күнтізбелік 60 (алпыс) күннен артық емес;
2) Сақтандырылушыға «бала-мүгедек» санатын бере отырып, өмір қызметінің шектелуіне әкелген «ағза қызметінің тұрақты бұзылуы» тәуекелі бойынша төлем сақтандыру сомасынан 60 % мөлшерінде орындалады.
3) мүгедектікке әкелген «ағза қызметінің тұрақты бұзылуы» тәуекелі бойынша:
I топ – сақтандыру сомасынан 80%,
II топ – сақтандыру сомасынан 60%,
III топ - 40% сақтандыру сомасынан;
4) «қайтыс болу» тәуекелі бойынша – сақтандыру сомасынан 100% мөлшерінде.

Неге?
Еңбекке қабілетсіздік (уақытша және тұрақты) салдарынан табысты жоғалту кезінде материалдық көмек алу үшін.

Жазатайым жағдай немесе сыни сырқат кезінде емдеуге жіберген шығындардың өтемін алу үшін.
Отбасы асыраушысы өмірден кенеттен кеткен жағдайда туыстарын қаржылай қолдауды қамтамасыз ету үшін.

Шартты жасасу үшін қажетті құжаттар:
1. Жеке басының куәлігі.