«АВТО VIP» автомобиль көлігін ерікті сақтандыру бағдарламасы

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

«АВТО VIP» автомобиль көлігін ерікті сақтандыру бағдарламасы

«АВТО VIP» бағдарламасы жинақ шарттары бар автомобиль көлігін сақтандырудың әмбебап өнімі болып табылады. Бағдарлама бойынша тарифтік мөлшерлемені есептеу сақтандыру калькуляторы түрінде жүзеге асырылған, ол сақтандырудың таңдалынған шарттарына және тәуекел деңгейіне әсер ететін сақтандыру объектісі бойынша параметрлерге тәуелді тарифтік мөлшерлемені автоматты түрде есептейді.

Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының (Сақтандырылушының) КҚ-ға иелік ету, оны пайдалану және/немесе оған билік етуімен және оны физикалық жоғалту (жойылу) немесе сақтандыру жағдайлары нәтижесінде зақымдау тәуекелімен байланысты мүліктік мүдделері табылады.

 Сақтандыруға шетелдік өндірістің көлік құралдары үшін олардың шығарылған жылы 15 жылдан және ТДМ елдері өндірген көлік құралдары үшін 10 жылдан аспайтын, «В», «D» санатты КҚ қабылданады. Сақтандыруға КҚ-ға орнатылған қосымша жабдық қабылдана алады. Қосымша жабдық ол орнатылған КҚ-дан жеке сақтандырыла алмайды.

Сақтандыруға көлік құралына қойылған қосымша жабдық алынуы мүмкін. Қосымша жабдықтар ол қойылған КҚ тыс бөлек сақтандырылмайды.

1. Тәуекелдердің толық пакеті мыналардан тұрады бойынша:
1) жоғалту (айдап әкету, ұрлау);
2) келесілер нәтижесінде зақымдану және/немесе толық жойылу:
а) ЖКО;
б) сыртқы әсер салдарынан орын алған өрт, жарылыс;
в) табиғат апаттары – жер сілкінісі, құлау, көшкін, топырақтың отыруы, сел, найзағай, су тасқындары, борандар, дауылдар, нөсер, бұршақтар;
г) басқа да сыртқы механикалық әсерлер (төбеден шатыр темірінің, қар немесе мұздың, бағанның, ағаштың құлауы, қиыршық тас, тастар мен басқа да қатты заттардың көліктің доңғалақтары астынан лақтырылуы және т.б.);
д) жануарлар әрекеттері;
е) үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері (ұрлықты қоспағанда), оның ішінде, КҚ айдап әкету нәтижесінде зақымдануы;
ж) аударылу, құлау, суға бату, мұз астына түсу, жол жамылғысы астына түсу;
з) су құбыры, канализация, жылыту немесе өртке қарсы желінің апаты салдары болған сумен зақымдану;
и) қозғалмайтын немесе қозғалмалы заттарға соқтығысу (ғимараттар, құрылыстар, кедергілер, қоршаулар, жануарлар, ағаштар).

2. Сақтандыру шарты жасала алады:
1) тәуекелдердің толық пакеті бойынша;
2) тәуекелдердің толық пакеті бойынша, жоғалтуды (айдап әкету, ұрлау) қоспағанда;
3) ЖКО және жоғалту (айдап әкету, ұрлау) тәуекелі бойынша;
4) ЖКО тәуекелі бойынша.

Қосымша жабдық өзі сонда орнатылған КҚ сақтандыруға қабылданып отырған тәуекелдер бойынша ғана сақтандырыла алады.

Сақтандыру шартында тараптардың келісімі бойынша келесідей қосымша шарттар қарастырыла алады:
1) сақтандыру жағдайы орын алған уақытта сақтандыру төлемі мамандандырылған ТҚКС шоты бойынша жүзеге асырылады (7 жылдан ескі емес КҚ үшін);

2) төлем жеке тұлғалардың өміріне және денсаулығына зиян келтіру болмаған уақытта, келесі нұсқалардан, сақтандыру шартында анықталған сақтандыру сомасына Өкілетті мемлекеттік органның құжаттарынсыз жүзеге асырылады: залалдың толық сомасына; 300 000 теңгеге дейін; 200 000 теңгеге дейін; 100 000 теңгеге дейін;

3) 15 000 теңге шегіндегі эвакуатор қызметтері үшін төлем;

4) КҚ ұрлаудан жеке, бүйір айналар, доңғалақтарды ұрлау тәуекелін келесі нұсқалардан, сақтандыру шартында анықталған сомаға өтеу: 100 000 теңгеге дейін; 200 000 теңгеге дейін; 300 000 теңгеге дейін; 400 000 теңгеге дейін; 500 000 теңгеге дейін.

Сақтандыру шартына қосымша опцияларды қосу шартқа анықталған нысан бойынша қосымша келісіммен рәсімделеді.

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы тараптар келісімі бойынша анықталады және Сақтандыру шартының жасалған сәтіндегі мүліктің (КҚ, қосымша жабдықтың) нарықтық құнынан аса алмайды.

Нарықтық құны* сол маркалы, сол жылы шығарылған оның орналасқан орнындағы Сақтандыру шартының жасалған күніндегі мүлік құны ретінде анықталады.

Қосымша жабдық КҚ құнынан 10 % аспайтын сомаға сақтандырыла алады.

*КҚ нарықтық құны 100 000 АҚШ долларынан кем болмауы тиіс.

«Жоғалту» және «толық жойылу» тәуекелі бойынша сақтандыру сомасынан 10 % мөлшерінде анықталады.

«Зақымдану» тәуекелі бойынша Сақтанушы таңдауы бойынша келесі нұсқалардан анықталады (теңгемен):
• 0
• 50 000
• 100 000
• 150 000
• 200 000
• 250 000

Сақтанушы қалауы бойынша таңдалынған сақтандыру сомасы шеңберінде келесі нұсқалардың бірімен франшизасыз оптика және қосымша жабдық (сыртқы жарық бөліктері (фаралар, бұрылу шамдары, габариттер), айналар, маңдай, артқы және жан шынылары) сақтандырыла алады:
1) 250 000 теңге 4) 1 500 000 теңге
2) 500 000 теңге 5) 2 000 000 теңге
3) 1 000 000 теңге

Сақтандыру аумағы

Сақтанушының таңдауы бойынша келесі нұсқалардан:
ҚР
ҚР + 1 ТМД елі (елді көрсете отырып)
ҚР + 2 ТМД елдері (2 елді көрсете отырып)
ҚР + 3 ТМД елдері (3 елі көрсете отырып)
ҚР + барлық ТМД елі