Балаларды жазатайым жағдайлардан сақтау

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Балаларды жазатайым жағдайлардан сақтау

Ата-ана үшін ең қымбатты, асыл жан – балалары. Баланың қасында үнемі болып, оны түрлі күтпеген жағдайлардан қорғау – қиын іс. Егер Сіздің сотқарыңыз гараждың төбесіне шығып немесе сүйікті велосипедінің бар мүмкіндігін сынап көрмек болып тынымсызданса, оған қауіпсіздік ережесін түсіндіріңіз және керек бола қалған жағдайға, болжалды жарақаттардан сақтандырыңыз.

Нені сақтандыруға болады? – Баланың өмірі мен денсаулығын

Неге? – баланы емдеуге және оның денсаулығын қалпына келтіруге қаржылай көмек алу үшін.
Госпитализациялау кезінде балаға ота жасау құнын төлеу және/немесе оған ауруханада болған кезде жайлы жағдайлар жасау үшін.

Неден сақтандыруға болады?
1) ағза қызметтерінің уақытша бұзылуы;
2) Сақтандырылушыға «бала-мүгедек» санатын бере отырып, өмір қызметінің шектелуіне әкелген «ағза қызметінің тұрақты бұзылуы»;
3) Сақтандырылушының қайтыс болуы.

Жазатайым жағдайларға адамның еркінен тыс болған, қысқа мерзімді, тосын орын алған оқиғалар жатады:
- табиғаттың апат құбылыстары,
- жарылыс,
- күю,
- үсу,
- суға кету,
- электр тоғының әрекеті,
- найзағай соғуы, күн өту,
- қаскүнемдердің немесе аңдардың шабуылы,
- жыландардың, жәндіктердің шағуы,
- қандай да бір заттың немесе Сақтандырылушының өзінің құлауы,
- кенеттен тұншығуы,
- бөтен заттың тыныс жолдарына кездейсоқ түсуі, лы өсімдіктермен, химиялық заттектермен (өндірістік немесе тұрмыстық), д
- дәрі-дәрмектермен кездейсоқ улану, сондай-ақ қандай да бір көліктің (автомобиль, темір жол, су және әуе) қозғалысы немесе олардың қирауы кезінде, машиналарды, механизмдерді, қаруды және басқа түрлі құралдарды пайдалану кезінде алынған жарақаттар, анафилактикалық есеңгіреу.