«Доктор 24/7.kz» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

«Доктор 24/7.kz» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы

«Доктор 24/7.kz» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы қазақстандық клиникалардың үздік мамандарының онлайн-кеңестерін кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді!

Кеңестерді тәулігіне 24 сағат бойы қазақ және орыс тілдерінде алуға болады.

www.doctor247.kz порталына тіркелгеннен кейін бірден дәрігерлердің кеңестерін ала алатындықтан күту кезеңі жоқ.

12 айға сақтандыру құны – 18 000  теңге, кеңестер алу саны - шексіз!

Қашықтықтан көрсетілетін медициналық көмек дәрігермен мәтіндік чат, аудио және бейнебайланыс түрінде өтеді.

 

Полис әрекет ете бастауы үшін:

-       Сіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне doctor247.kz сайтындағы жеке кабинетіңіздің паролі көрсетілген SMS келеді. Жеке кабинетіңіздің логині ретінде Сіз көрсеткен ұялы телефонның нөмірі қолданылатын болады.

-       Сіз бірден кезекші дәрігерлер мен бейінді мамандардың қызметтерін пайдалана аласыз. Бұл үшін doctor247.kz сайтына өтіңіз және өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіру үшін логиніңіз бен пароліңізді теріңіз.

 

doctor247.kz порталына тіркелген бірінші күннен бастап

жеке кабинетіңізде мыналарға қол жеткізе аласыз:

-       Кезекші дәрігерлердің қашықтықтан беретін кеңестері – тәулік бойы

-       Бейінді мамандардың қашықтықтан беретін кеңестері – маманның қабылдау кестесіне қарай келісілген уақытта

-       Қаралу тарихын қарау, медициналық құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерін және фотографияларын, сондай-ақ арнайы пішімдегі медициналық құжаттарды (мысалы, МРТ) жүктеу және сақтау.

 сақтандыру талаптары

Сырқаттану жағдайынан ерікті сақтандыру ережелері