Міндетті экологиялық сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Міндетті экологиялық сақтандыру

МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93-ІІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.  

Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

Экологиялық қауіпті қызметтердің түрі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 10301 тіркелді) белгіленген.

Сақтандыру объектісі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.

Сақтандыру шарты жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде, сақтандыру полисін беру жолымен жасасылады.

Егер Сақтанушы өзінің жауапкершілігін қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасасылады.

Сақтандыру шарты 12 айға жасасылады және өзінің әрекетін алғашқы сақтандыру жағдайы бойынша тоқтатпайды.

Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы:

 

Экологиялық қауіпті объект

Ең төменгі сақтандыру сомасы (АЕК)

Сақтандыру

тарифі

(%)

1

Жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға

5 000

 

0,76 – 2,65

2

Заңды тұлға

65 000

3

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иелерінің  АҚЖ міндетті сақтандыру кезінде

 

17 000

 

0,59 – 2,05

 

Сақтандыру төлемі:

Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы жәбірленуші (Пайда алушы) талап еткен сомаға немесе соттың келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды.

Сақтандырушы сақтандыру төлемiн барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 30 күннің ішінде жасайды.