+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Тарихы

Бұрын «Казахинстрах» шетсақтандыру компаниясы» деп аталған «Казахинстрах» компаниясы 1995 жылы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 16 сәуірдегі № 1658 Жарлығына сәйкес құрылды. Үкімет атынан құрылтайшы болған Қаржы министрлігі компанияның жарғылық капиталына 3 миллион теңге және 1 миллион АҚШ долларын салды.

2002 жылғы 06 маусымда «Казахинстрах» АҚ құрамына «Өндірістік сақтандыру компаниясы» ААҚ біріктіріліп, қайта құрылды. Қайта құрудың мақсаты Қоғамның меншікті капиталының деңгейін арттыру болды.
2006 жылғы қазанда «Казахинстрах» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың еншілес компаниясы мәртебесіне ие болды.

Қоғамның тарихы – табысты дамудың тарихы, 12 жыл ішінде компанияда болған оқиғалар соның айғағы:

2004 жылғы желтоқсан:
Биржа кеңесінің шешімімен Қоғамның жай акциялары (ҰСН - KZ1C39450016) бағалы қағаздар ресми тізімінің «А» санатына (қаржы міндеттерін орындаудың ең жоғарғы мүмкіндігі) енгізілді.

2005 жылғы мамыр: Женева қаласында өткен «Высокое качество в бизнесе» VII халықаралық форумда «За Высокое Качество в Деловой Практике» медалі тапсырылды.

2005 жылғы қараша: Қоғамға толықтай тиесілі «Halyk Life» өмірді сақтандыру компаниясы құрылды.

2006 жылы: басқалай қаржы залалдарынан, кепілдіктер мен кепілгерліктерден заемдарды сақтандыру жөніндегі лицензия алынды.
2006 жылғы қазан: Қоғам «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың еншілес компаниясы мәртебесін алды.

2007 жылғы ақпан: ISO 9001:2001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкес келу сертификаты алынды.

2008 жылғы қараша: компания «Қазақстандағы жыл таңдауы» жыл сайынғы фестивалінің қорытындылары бойынша «Қазақстандағы 2008 жылғы № 1 сақтандыру компаниясы» атағын иеленді.

2009 жылғы сәуір: Қоғам «Euromoney» еуропалық талдамалы журналдың пікірінше үздік сақтандыру компаниясы («Best insurer in Kazakhstan») болып танылды.

2010 жылғы шілде: Moody International Қоғам сапа менеджменті жүйесін ISO 9001:2008 халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес келеді деп таныды.
2011 жыл - «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі белгілеген сенімділік рейтингі А+ «Сенімділіктің ең жоғарғы деңгейі» деңгейінде.
2011 жыл - A.M.Best халықаралық рейтинг агенттігі белгілеген қаржылық тұрақтылық рейтингі «B+» деңгейінде.

2012 жыл - A.M.BEST COMPANY халықаралық рейтинг агенттігі «Казахинстрах» АҚ қаржылық тұрақтылығы рейтингін «B++» (Good/жақсы) және эмитенттің кредит рейтингін «bbb» деңгейінде белгіледі. Екі рейтингінің де болжамы тұрақты саналады.

2013 жыл - «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі «Казахинстрах» АҚ-тың рейтингін А++ «Сенімділіктің айрықша биік деңгейі» деңгейіне дейін көтерді. Бұрын Компанияда А+ «Сенімділіктің ең жоғарғы деңгейі» рейтингі болған.

2013 жыл - A.M.BEST COMPANY халықаралық рейтинг агенттігі Қоғамның қаржылық тұрақтылығы рейтингін «B++» (Good/жақсы) және эмитенттің кредит рейтингін «bbb» деңгейінде растады. Екі рейтингінің де болжамы тұрақты саналады.

2014 жыл - «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі «Казахинстрах» АҚ-тың рейтингін А++ «Сенімділіктің айрықша биік деңгейі» деңгейіне дейін көтерді. Бұрын Компанияда А+ «Сенімділіктің ең жоғарғы деңгейі» рейтингі болған.

2014 жыл - A.M.BEST COMPANY халықаралық рейтинг агенттігі Қоғамның қаржылық тұрақтылығы рейтингін «B++» (Good/жақсы) және эмитенттің кредит рейтингін «bbb» деңгейінде растады. Екі рейтингінің де болжамы тұрақты саналады.

2015 жыл - «Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі «Казахинстрах» сақтандыру компаниясының рейтингін А++ «Сенімділіктің айрықша биік деңгейі» деңгейіне дейін көтерді. Бұрын Компанияда А+ «Сенімділіктің ең жоғарғы деңгейі» рейтингі болған.

2015 жыл - A.M.BEST COMPANY халықаралық рейтинг агенттігі «Казахинстрах» АҚ-тың қаржылық тұрақтылығы рейтингін «B++» (Good/жақсы) және эмитенттің кредит рейтингін «bbb» деңгейінде растады. Екі рейтингінің де болжамы тұрақты саналады.

2015 жыл – «Лидер отрасли» марапаты. Батыс Қазақстан облысындағы шағын кәсіпорындар арасында залалды мемлекеттік емес сақтандыру.