+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Мүлік

«Сақтандыру» дегеніміз не? Бұл мүлікті, денсаулықты, өмірді қаржылық қорғау тәсілі. Қоғам кенеттен болатын шығындардан кепілді қорғаудың сақтандырудан басқа тәсілін шығарған жоқ. Демек, сақтандыру полисі бәріне керек. Мүлікті сақтандыру Сіздің денсаулығыңыз бен бюджетіңізді сақтайды.

«Казахинстрах» сақтандыру компаниясы өрттің, жарылыстың, кездейсоқ су басудын, жердің сілкінуі, ұрлық, тонау және қарақшылық салдарынан зардап шеккен Сіздің мүлкіңізді қалпына келтіру және жөндеуге байланысты болжанбаған шығындарды өтеуге көмектеседі.

Егер Сіз байқаусызда көршілеріңізге су ағызып алсаңыз, ал олар шығындарды өтеуді талап етсе, бұл жағдай да сақтандыру шартында қарастырылған. Оған сәйкес жөндеу шығындарын сақтандыру компаниясы өтейді, әрине, егер Сіз ондай тәуекелді қарастырған болсаңыз және ол жағдайдан сақтандыру полисін сатып алсаңыз.
Біз болашақты болжай алмаймыз, бірақ болжалды қаржы шығындарын азайтуға болатындығын білеміз.