+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

«Не горюй!»

«Не горюй!» бағдарламасы
«Не горюй!» ерікті сақтандыру бағдарламасы – жұмысты жоғалту жағдайынан құтқаратын қорғаушы
«Не горюй!» бағдарламасы жұмыс беруші өз бастамасы бойынша Сізбен еңбек шартын бұзған кезде пайдалы. Осы ахуал кезіндегі сақтандыру төлемдері – оның арқасында Сіз күн сайынғы шығындарыңызды өтей алатын тамаша қауіпсіздік жастығы. 
Бұл қалай жұмыс істейді:
Егер жұмыс беруші Сізбен жұмыс қатынастарын тоқтатса, Сіз қысқартуға түссеңіз немесе Сіз жұмыстан шығарған болсаңыз, Сіз біздің сақтандыру компаниясынан 200 000 теңге мөлшерінде төлем аласыз. Ал егер Сіз жұмыстан шыққаннан кейінгі 2 айда жұмыс таба алмасаңыз, біз тағы 200 000 теңге төлейміз. 
Сақтандыру бойынша бұл ақшаны алу үшін мына әрекеттерді жасау керек:
- еңбек қатынастарын бұзғаннан кейін халықты еңбекпен қамтудың жергілікті орталығына тіркеліңіз;
- «Казахинстрах» АҚ филиалына қажетті құжаттарды тапсырыңыз; 
- төлемді алыңыз.
Сақтандыру полисінің бағасы - 12 000 теңге.

Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі:
- дербес белсендірудің кезінде белсендірілу датасынан бастап 375 күн;
- автоматты белсендірілу кезінде белсендірілу датасынан бастап 365 күн.

Сақтандыру қорғанысы 12 ай ішінде әрекет етеді.

Маңызды:
Сақтандыру шарты белсендірілуден кейін күшіне енеді.
Сақтандыру полисін сақтандыру сыйлықақысын төлеген күннен бастап 30 күн ішінде  www.strahovkatut.kz сайтында немесе 797 телефоны бойынша қоңырау шалу арқылы белсендіруге болады.  
«Не горюй!» сақтандыру полисін «Казахинстрах» АҚ-тың барлық филиалдарынан және сату орындарынан сатып алуға болады. 
«Не горюй!» бағдарламасы туралы кеңесті 797 (мобильді құрылғылар үшін тегін) қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы тәулік бойғы байланыс орталығынан, сондай-ақ «Казахинстрах» АҚ филиалдарының менеджерлерінен алуға болады.