+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Жазатайым жағдай

Өмір күтпеген жағдайларға толы және олардың бәрі бірдей қуаныш әкеле бермейді. Келеңсіз тосын жәйттер Сізді үйде де, жұмыста да, демалыста да қарауылдап, ұзақ уақытқа ауруханаға таңуы және денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін қыруар шығынға батыруы мүмкін. Жазатайым жағдайдан сақтандыру Сізге болжалды емделу және оңалу шығындарын өтейді.

Ата-ана үшін ең қымбатты, асыл жан – балалары. Баланың қасында үнемі болып, оны түрлі күтпеген жағдайлардан қорғау – қиын іс. Егер Сіздің сотқарыңыз гараждың төбесіне шығып немесе сүйікті велосипедінің бар мүмкіндігін сынап көрмек болып тынымсызданса, оған қауіпсіздік ережесін түсіндіріңіз және керек бола қалған жағдайға, болжалды жарақаттардан сақтандырыңыз.
Жылдық сақтандыру полисінің құны бес шоколадты тоқаштың құнына тең.