+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Компания туралы ақпарат

«Казахинстрах» сақтандыру компаниясының миссиясы:

Күнделікті жұмысымызда жоғары сапалы стандарттарға сүйене отырып, біздің әрбір клиентімізге сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеміз, сонымен олардың өмірін барынша қорғаймыз.

Әркімнің дұрыс және сенімді таңдауы болу – біздің компаниямыздың мақсаты, Ал кез келген ахуалдағы Сіздің қауіпсіздік сезіміңіз – жұмыстағы басты басымдылығымыз!


Біздің құндылықтар

Сенім; клиенттерімізден күтетін ең жоғарғы құндылық. Біздің компаниямызбен жасасылған әрбір сақтандыру полисі мен сақтандыру шарты бізге деген сенімді білдіреді. Сенім – біздің табысты бизнесіміздің басты құрамдас бөлігі.

Сапа: жылдан жылға біз сервис сапасының жаңа планкасын белгілейміз де, өзіміздің өңірлік желімізді дамытып, жаңа өнімдерді ұсынып, оған қол жеткіземіз. Біз ұсынатын қызметтердің жоғарғы сапасы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді: компанияның сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2001 халықаралық стандарт талаптарына сай келеді.

Кәсібилік: тек кәсібилер командасы ғана компанияның табысты қызметін және бәсекелестік ортадағы жеңісін қамтамасыз ете алады, сондықтан біздің компаниямызда кездейсоқ жандарға жол жоқ. Әрбір қызметкер - өз қызметінде ең жоғарғы көрсеткіштерге талпынатын және теңдесіз тәжірибеге ие, өз ісінің қас шебері.

Көшбасылық: біз нарықтағы ең үздіктер қатарында болуды қалаймыз. Бұл үшін әр күні біздің қызметкерлеріміз барынша еңбек етіп, компанияның серпінді және сенімді дамуын, сонымен қатар нарықтағы ахуалдың өзгерісіне уақтылы ден қоюын қамтамасыз ететін жаңа, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізеді.

Қол жетімділік: біз әрбір клиентке жақын болуды қалаймыз, сондықтан ол үшін өзіміздің өңірлік желімізді дамытамыз. Біздің өкілдіктерміз Қазақстанның барлық ірі қалаларында ашылған, ал компанияның атынан еңбек ететін агенттер саны еліміз бойынша 2 мың адамнан артық. Біз әрдайым жаныңыздамыз.

Ашықтық: компания тұрақты түрде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, салық органдарына қаржылық есептілікті тапсырып отырады, оны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды. 


Біздің жұмысымыздың қағидаттары:

  • Біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз клиенттердің мүдделеріне негізделген. Біздің клиенттеріміздің алдындағы жауапкершілігіміз зор, сондықтан өз жұмысымызды жедел және сапалы орындаймыз.
  • Біз клиенттермен ұзақ мерзімді қатынастарға бағытталғанбыз, сондықтан әркімге деген дербес қатынас біздің өзара тиімді серіктестігімізге негізделген.
  • Клиенттерімізбен және әріптестерімізбен жұмысымызда бір-бірімен игілікті және жемісті өзара қарым-қатынастарға негізделген іскерлік этикасына сүйенеміз. 
  • Сапалы сервис, біздің түсінігімізше – клиентпен қарым-қатынастың барлық кезеңдерінде: сақтандыру өнімін сату, сақтандыру шартының әрекет ету кезеңінде клиентті толық қолдап отыру, сонымен қатар сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кезеңінде оларға жоғары сапалы қызмет ұсыну.