+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру

АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы №440-II Заңының негізінде жүзеге асырылады.

Аудиторлық қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алған аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.

Сақтандыру объектісі - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi.

Сақтандыру шарты жазбаша нысанда, сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жасасылады.

Сақтандыру мерзімі – 12 ай.

Сақтандыру сомасы тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сомасының мөлшерi 10 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиіс

Сақтандыру сыйлықақысы тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен аспауға тиiс.

Сақтандыру төлемін сақтандырушы аудиттеу субъектiсi талап еткен сомаға орай немесе соттың келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.