+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Автокөлік иесінің МАҚЖ

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі барлық әуесқой автомобильшілер ресімдеуге міндетті сақтандыру, мұндай талап «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қойылады.

НЕЛІКТЕН?
Бұл құжатты полиция қызметкерлері талап етеді, ол болмаған кезде 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

МАҢЫЗДЫ! КҚИ АҚЖМС бөтеннің мүлкін (автомобиль, үй, дүкен, аялдама кешені және т.б.) қалпына келтіру қаржы шығыстарынан құтылуға көмектеседі. Полис егер Сіз ЖКО-ға кінәлі болсаңыз, жәбірленуші тарапқа ғана төлем жасауға кепілдік береді.

КҚИ АҚЖМС құны неге тәуелді:
- Тіркелу аумағына;
- Автомобильді пайдалану мерзіміне;
- Жүргізуші өтіліне;
- Сіздің жасыңызға және апаттың орын алу тарихына.
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңда белгіленетін сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеудің бірегей әдістемесі бар.
Яғни, міндетті сақтандырудың құны барлық сақтандыру компанияларында бірдей. Полистің қолданылу мерзімі 1 жыл.

Сақтандыру жағдайы кезінде компания жәбірленуші тарапқа қанша төлейді?
- Бір автомобильге келтірілген зиян үшін – 600 АЕК-ке дейін*;
- Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін – 1 000 АЕК-ке дейін.
*АЕК – 01.01.2017 жылғы жай-күй бойынша  2 269  теңге.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер Сізде «Казахинстрах» сақтандыру компаниясының КҚИ АҚЖМС полисі болса, Сіз біздің компаниямыздан тікелей реттеу схемасы бойынша төлем ала аласыз.