+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

ЖЕКЕШЕ НОТАРИУСТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435-II Заңының негізінде жүзеге асырылады.  

Сақтандырудың мақсаты - жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету.

Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

Сақтандыру объектiсi - жекеше нотариустың нотариаттық қызметтердi жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi .

Сақтандыру шарты жазбаша нысанда, сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жасалады.

Сақтандыру мерзімі – 12 ай.

Сақтандыру сомасы қызметін республикалық маңызы бар қала, астана аумағында жүзеге асыратын нотариустар үшiн - 1000, өзге нотариустар үшiн - 500 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.

Сақтандыру сыйлықақысы тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарында айқындалған сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен көп болмауға тиiс.

Сақтандыру төлемін сақтандырушы үшiншi тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.