+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Тасымалдаушыны жолаушылар алдында міндетті сақтандыру

ТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР АЛДЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРІШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444-II Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.   

Тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

Сақтандыру шарты Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде сақтандыру полисін беру арқылы жазбаша нысанда жасасылады.

Сақтандыру шарты 12 ай мерзімге жасасылады, оның қолданысы бірінші сақтандыру жағдайы бойынша тоқтатылады.

Сақтандыру сыйлықақысы 

Реттік №

Көлік құралының атауы

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының АЕК-тегі мөлшері

1

Автомобиль көлігі

 

жеңіл автомобильдер, автобустар,   

 

шағын автобустар                      

3

жолаушылар орны 4-ке дейін,           

5

қоса алғанда                          

11,5

жолаушылар орны 4-тен 7-ге дейін,     

16

қоса алғанда                          

23

2) трамвайлар, троллейбустар

7

2

Әуе көлігі

 

ұшақтар                            

 

жолаушылар орны 50-ге дейін,          

400

қоса алғанда                          

990

жолаушылар орны 50-ден 120-ға дейін   

2180

жолаушылар орны 120-дан 200-ге дейін  

3820

2) тікұшақтар

135

3

Теңіз көлігі 

 

жолаушылар орны 50-ге дейін,          

50

қоса алғанда                          

100

жолаушылар орны 50-ден 100-ге дейін   

150

жолаушылар орны 100-ден 150-ге дейін  

300

жолаушылар орны 150-ден 300-ге дейін  

530

4

Ішкі су көлігі

 

жолаушылар орны 50-ге дейін,          

17,5

қоса алғанда                          

35

жолаушылар орны 50-ден 100-ге дейін   

50

жолаушылар орны 100-ден 150-ге дейін  

90

жолаушылар орны 150-ден 300-ге дейін  

160

 

Темір   жол   тасымалын   жүзеге   асыратын     тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті  сақтандыру  бойынша  сақтандыру   сыйлықақысының мөлшері  жолаушыларды  және  олардың  мүлкін  тасымалдау  бойынша    іске асырылатын  қызмет  көрсетуден  түскен,  тасымалдаушының  жауапкершілігін сақтандыру  шартының  қолданылу  күшінің  кезеңі  ішінде  тасымалдаушының Қазақстан  Республикасының  аумағы  бойынша  алған  (алуға  тиіс)   кіріс сомасының 0,2 процентін құрайды, бір ай  ішінде  алынған  (алынуға  тиіс) кірістен ай сайынғы жарналар түрінде төленеді.

Сақтандыру төлемі

Теңіз және әуе тасымалы бойынша:

әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

қайтыс болуға - 2 000 АЕК;

мүгедектің:

I тобы белгіленсе- 1 600 АЕК;

IІ тобы белгіленсе- 1 200 АЕК;

IІІ тобы белгіленсе- 800 АЕК;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс;

әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес;

Темір жол, ішкі су және автомобиль тасымалы бойынша:

әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:

қайтыс болуға - 1000 АЕК;

мүгедектің:

I тобы белгіленсе - 800 АЕК;

IІ тобы белгіленсе - 600 АЕК;

IІІ тобы белгіленсе- 400 АЕК;

мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс;

әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Сақтандыру шарты бойынша фрашиза әрбір сақтандыру жағдайы және әрбір жәбірленуші бойынша 5 АЕК-ті құрайды. Келтірілген зиянның мөлшері франшизаның белгіленген мөлшерінен артық болған кезде, сақтандыру төлемі толық мөлшерінде жүзеге асырылады.

Жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зақым үшін сақтандыру төлемі франшиза қолданылмастан жүзеге асырылады.