Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

 

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446-ІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген немесе Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген барлық көлiк құралдарының түрлері, сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.

Сақтандыру объектiсi – Сақтанушының (Сақтандырылушының) жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты оның мүлiктiк мүддесi.

Заңды тұлғаларды сақтандыру шарты жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде, пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігіне сақтандыру полисін беру арқылы жасасылады. Сақтанушы өтінішті Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша, көлік құралдарының тізбесін жасап, техпаспорттардың көшірмелерін тіркеп, рәсімдейді.

Сақтандыру мерзімі – 12 ай (көлікті маусымдық пайдалануды немесе оның Қазақстанға уақытша енуін қоспағанда). Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін әрекет етеді.

Заңды тұлғалар үшін сақтандыру құны (сақтандыру сыйлықақысы)  1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленген базалық сыйлықақы негізінде есептеледі, оған көлік құралының түрі, пайдалану мерзімі және тіркеу орнына қарай заңды тұлғалар үшін Заңда бекітілген коэффициенттер қосылады. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін калькуляторды пайдалануыңызға болады.

Сақтандыру төлемі:

Бір жәбірленушінің зақымдалған мүлкі үшін 600 АЕК-ке дейін.

Бір жәбірленушінің өміріне/денсаулығына келтірілген залал үшін 1000 АЕК-ке дейін.

Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

Сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттар:

1)      өтініш;

2)      келтірілген залалдың салдарынан жауапкершілігі орын алған тұлғаның сақтандыру полисі (оның көшірме нұсқасы). 

Тікелей реттеу – жәбірленушіге онымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруы.