Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн

ҚЫЗМЕТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚАУПІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТІЛЕР ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру объектісі қауіпті өндірістік фактордың үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеудегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.

Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер болып Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияланатын объектiлер табылады.

Сақтандыру шарты – жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде, сақтандыру полисін беру жолымен 12 айдан артық емес мерзімге жасасылады.

Сақтандыру шарты алғашқы сақтандыру жағдайы бойынша өзінің әрекетін тоқтатпайды.

Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы:

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды:

1)      600 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны төрт мың адамнан артық болса;

2)      350 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны екі мың адамнан артық, алайда төрт мың адамнан аспайтын болса;

3)      225 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны мың жарым адамнан артық, алайда екі мың адамнан аспайтын болса;

4)      115 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны жеті жүз елу адамнан артық, алайда мың жарым адамнан аспайтын болса;

5)      50 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны үш жүз адамнан артық, алайда жеті жүз елу адамнан аспайтын болса;

6)      30 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны жүз елу адамнан артық, алайда үш жүз адамнан аспайтын болса;

7)      12 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны жетпіс бес адамнан артық, алайда жүз елу адамнан аспайтын болса;

8)      5 мың – егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны он адамнан артық, алайда жетпіс бес адамнан аспайтын болса;

9)      1 мың – басқа да декларацияланатын қауіпті өндірістер үшін, егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әрекеті салдарынан зардап шеккендердің ең жоғарғы болжалды саны он адамға дейін құраса.

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң санатына қарай сақтандыру сомасы мөлшерiнiң 0,72 процентiнен 2,02 процентiне дейiнгi шекте тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi .

Әрбiр үшiншi тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн төленетiн сақтандыру төлемi:

1)      қаза тапқан кезде – 1 000 АЕК;

2)      мүгедектiк белгiленген кезде:

I топтағыларға – 800 АЕК;

II топтағыларға – 600 АЕК;

III топтағыларға – 500 АЕК;  

3)      мертiгу, жарақаттану немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы кезiнде мүгедектiк белгiленбей - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған iс жүзiндегi шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспайтындай мөлшердi құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi әрбiр стационарлық емделу күнi үшiн кемiнде 2 айлық есептiк көрсеткiштi құрауға тиiс.

Мүлiк зақымданған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оны қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн мүлiктiң орын алған тозуы ескерiле отырып айқындалады.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей төлейді.