+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Classic Long бағдарламасы

«CLASSIC LONG» бағдарламасы көп жолғы сапарларға арналған. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері шет елде болу кезеңі мен еліне қарай 32 АҚШ долларынан / евродан бастап 285 АҚШ долларына / евроға дейін. 

Бағдарлама әр сапардың ұзақтығы күнтізбелік 90 күннен аспайтын талаппен, көп жолғы сапарларға арналған. «CLASSIC LONG» бағдарламасы дене жұмысымен, спортпен айналысатын тұлғаларға таратылмайды. 

«CLASSIC LONG» бағдарламасы бойынша сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтандырушы сақтандыру қорғанысы әрекет еткен кезеңде Сақтандырылушы уақытша тоқтаған елінде тосын сырқаттанған немесе Сақтандырылушымен болған жазатайым жағдайда:

а) Сақтандырылушыға уақытша тоқтаған елінде медициналық көмектің көрсетілуін қамтамасыз етуге және оның ішінде: медициналық кеңес, жедел медициналық көмек, амбулаторлық емдеу, стационарлық емдеу бойынша шығындарды қоса алғанда, осымен байланысты шығындарды өтеуге;
б) 30 000 (отыз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде емдеуші дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектердің құнын өтеуге;
в) шұғыл медициналық көмек көрсетуге және жазатайым жағдайдың салдарынан табиғи тістің ауырғанын басатын еммен емдеуге байланысты шығындарды 30 000 (отыз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде өтеуге, атап айтқанда:
табиғи тістерді экстракциялау, бірақ бір қабылдау кезінде 2-еуден артық емес, перекоронаритті емдеуді, абсцессті ашуды, тістің тұқылын резекциялау, тігу;
орташа және терең кариес кезінде тістерді денервациялау және депульпациялау, бұған уақытша пломба материалдарының құны кіреді;
жазатайым жағдайдың салдарынан тіс-жақ аппараттарының зақымдалуы кезінде хирургиялық стоматологиялық көмек (жақтың шығып кетуі, жақ сүйектерінің сынуы).

Сақтандыруға жатпайтындар: ортодонтия, ортопедия, косметология, протездеу және оған дайындау;

г) Сақтандырылушыны уақытша тоқтаған елдегі ең жақын ауруханалардың біріне жеткізуді ұйымдастыруға;
д) Сақтандырылушыны рейсті көлікпен тұрақты тұратын елінің ең жақын халықаралық портына дейін ауыстыруды (эвакуациялауды) ұйымдастыруға;
е) Сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы деп танылған және үшінші тұлғалардың кінәсінен болған жазатайым жағдайдың салдарынан оның құқықтарын қорғау бойынша Сақтандырылушы тартқан шығындар мөлшерінде, бірақ 600 000 (алты жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде, істі қозғауға көмек көрсетуге; 
ж) Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, оның мүрдесін тұрақты тұратын елінің ең жақын халықаралық портына дейін тасымалдауды (репатриациялауды) ұйымдастыруға міндеттенеді.

Әрбір нақты жағдайда эвакуация туралы шешім және көлік түрін таңдау Сақтандырушының дәрігерінің және жергілікті емдеуші дәрігердің келісімі бойынша қабылданады. 

Репатриациялау тәсілі туралы шешімді Сақтандырушы қабылдайды. Сақтандырушы жерлеу шығындарын өтемейді;
з) Сақтандырылушының сырқаттануына немесе онымен болған жазатайым жағдайға қарай сақтандыру аумағында қараусыз қалған, сақтандыру аумағына онымен бірге шыққан 18 жасқа дейінгі балаларын уақытша тоқтаған елінен тұрақты тұратын еліне кері қайтару шығындарын төлеуге міндеттенеді. Бұл ретте Сақтандырушы өзіне олардың билеттерін пайдалану құқығын қалдырады – тасымалдаушы компанияға билеттерді кері қайтару немесе балаларды кері қайтару мақсатында билеттерді ерте не кеш мерзімге ауыстыру;
и) Сақтандырылушы күнтізбелік 10 күннен артық ауруханада болған кезде және оның жанында қандай да бір туысқаны болмаған кезде, егер олардың болуы қажет болған кезде, Сақтандырылушының туысқанына барып-келу билетінің ақысын төлеуге міндеттенеді.