+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Sport бағдарламасы

«SPORT»  бағдарламасы спортпен айналысатындарға арналған бағдарлама. Стоматологиялық көмек пен дәрі-дәрмектердің құнын өтеу лимиттері 15 000 теңгені құрайды. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сапардың әрбір күні үшін 0,56 АҚШ долларынан / евродан бастап 3,43 АҚШ долларына / евроға дейін. Бағдарлама бір жолғы сапарларға арналған.

«SPORT» бағдарламасы бойынша сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтандырушы сақтандыру қорғанысы әрекет еткен кезеңде Сақтандырылушы уақытша тоқтаған елінде тосын сырқаттанған немесе Сақтандырылушымен болған жазатайым жағдайда:
а) Сақтандырылушыға уақытша тоқтаған елінде медициналық көмектің көрсетілуін қамтамасыз етуге және оның ішінде: медициналық кеңес, жедел медициналық көмек, амбулаторлық емдеу, стационарлық емдеу бойынша шығындарды қоса алғанда, осымен байланысты шығындарды өтеуге; 
б) 15 000 (он бес мың) теңгеден аспайтын мөлшерде емдеуші дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектердің құнын өтеуге;
в) шұғыл медициналық көмек көрсетуге және жазатайым жағдайдың салдарынан табиғи тістің ауырғанын басатын еммен емдеуге байланысты шығындарды 15 000 (он бес мың) теңгеден аспайтын мөлшерде өтеуге, атап айтқанда:
табиғи тістерді экстракциялау, бірақ бір қабылдау кезінде 2-еуден артық емес, перекоронаритті емдеуді, абсцессті ашуды, тістің тұқылын резекциялау, тігу;
орташа және терең кариес кезінде тістерді денервациялау және депульпациялау, бұған уақытша пломба материалдарының құны кіреді;
жазатайым жағдайдың салдарынан тіс-жақ аппараттарының зақымдалуы кезінде хирургиялық стоматологиялық көмек (жақтың шығып кетуі, жақ сүйектерінің сынуы).
Сақтандыруға жатпайтындар: ортодонтия, ортопедия, косметология, протездеу және оған дайындау.
г) Сақтандырылушыны уақытша тоқтаған елдегі ең жақын ауруханалардың біріне жеткізуді ұйымдастыруға;
д) Сақтандырылушыны рейсті көлікпен тұрақты тұратын елінің ең жақын халықаралық портына дейін ауыстыруды (эвакуациялауды) ұйымдастыруға;
е) Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, оның мүрдесін тұрақты тұратын елінің ең жақын халықаралық портына дейін тасымалдауды (репатриациялауды) ұйымдастыруға міндеттенеді.
Әрбір нақты жағдайда эвакуация туралы шешім және көлік түрін таңдау Сақтандырушының дәрігерінің және жергілікті емдеуші дәрігердің келісімі бойынша қабылданады.