Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру

 

ҚЫЗМЕТКЕР ЕҢБЕК (ҚЫЗМЕТ) МІНДЕТТЕРІН АТҚАРҒАН КЕЗДЕ ОНЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2005 жылғы 1 шілдедегі №30-ІІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру объектiсi – зардап шеккен қызметкердің кінәсінің болуы не болмауы жағдайында, оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соқтырған кездейсоқ жағдайдың салдарынан өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген мүлiктiк мүддесi.

Сақтандыру шарты – жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде 12 ай мерзімге жасасылады (жұмыс берушінің қызмет ету мерзімі 12 айдан кем болған жағдайды қоспағанда). Шарт алғашқы сақтандыру жағдайы бойынша өзінің әрекетін тоқтатпайды.

Сақтандыру сомасы шартты жасасу сәтіне барлық қызметкерлердiң еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиiс. Сақтандыру сомасы сақтандыру төлемі сомасының мөлшеріне азаяды.

Сақтандыру сыйлықақысы:

 

Кәсіптік тәуекел сыныбы

Сақтандыру  тарифы

1

0,12%

2

0,29%

3

0,48%

4

0,49%

5

0,52%

6

0,53%

7

0,54%

8

0,65%

9

0,56%

10

0,88%

11

0,75%

12

0,76%

13

1,29%

14

1,55%

15

1,13%

16

1,17%

17

1,21%

18

2,43%

19

1,75%

20

2,05%

21

2,54%

22

2,96%

Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 Қаулысымен белгіленген.

Сақтандыру төлемі: зиянның мөлшерін, шарт бойынша сақтандыру төлемін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады (47-тарау, § 2).

Қызметкерге бiр жылдан аспайтын мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты сақтандыру төлемін, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтірумен орын алған шығындарды өтеуді Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Қызметкердiң бiр жыл және одан да көп мерзiмге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты оның жалақысынан (кiрiсiнен) айрылуына қатысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды өтеттіруге құқығы бар тұлғаларға зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi Пайда алушы таңдаған, Сақтанушы аннуитет шартын жасасуға міндетті аннуитеттік сақтандыру ұйымына аударылады.