Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру

АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ (АВТОКАСКО )

Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының көлік құралын, көлік құралына қондырылған қосымша жабдықты жоғалту (опат болуы) немесе зақымдау тәуекелімен байланысты мүліктік мүдделері табылады.

Сақтандыруға Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде не көлік құралдарын тіркейтін басқа мемлекеттік органдарда тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын көлік құралдары қабылданады. 

Сақтандыруға техникалық ақауы бар және/немесе бөлшектелген көлік құралдары жатпайды. 

Қосымша жабдық ретінде сақтандыруға көлік құралына қондырылған, базалық («зауыттық») комплектацияға кірмейтін теле-, радио-, бейнеаппаратуралар, байланыс және навигация құралдары, қосымша жарық, дабылдама, жылыту және басқа салон жабдықтары қабылданады. 
Қосымша жабдық, ол қондырылған көлік құралынан бөлек сақтандырылмайды. 

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және сақтандыру шартын жасасу сәтіне мүліктің (КҚ, қосымша жабдық) нарықтық құнынан артық болмайды. 

Сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушы шарттың талаптарынан және тәуекел деңгейінің бағамынан шыға отырып, сақтандыру шартын жасасу сәтіне Компанияда қолданылатын тарифтерге сәйкес анықтайды.

Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі тараптардың келісімімен анықталады.

Сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру жағдайлары 

Тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шарты төменде көрсетілген сақтандыру тәуекелдері бойынша әр бөлек немесе олардың комбинациясында жасалуы мүмкін:
1) жоғалту (айдап әкету, ұрлау); 
2) төмендегілердің нәтижесінде зақымдау және/немесе құрту (толық опат болу): 
а) ЖКО; 
б) тікелей жолдың жанында орналасқан және КҚ тура жүретін қозғалысына арналмаған аумақта болған көлік оқиғасы (оның ішінде тұрғын массивтердің және кәсіпорындардың аулалары, автотұрақтар, автомай құю станциялары және басқа алаңдар, арнайы белгілері және/немесе қоршаулары бар, кіруге рұқсат етілмейтін орындарды қоспағанда);
в) сыртқы әсердің салдарынан болған өрт, жарылыс;
г) дүлей апаттар – жер сілкіну, опырылу, көшкін, топырақтың отыруы, сел, найзағай, су басу, боран, дауыл, нөсер, бұршақ;  
д) кез келген сыртқы механикалық әсер (жабын темірінің, шатырдан қардың немесе мұздың, бағананың, ағаштың  құлауы, көлік дөңгелегінің астынан қиыршық тастардың, тастардың және басқа қатты заттардың ұшуы және т.б.);
е) жануарлардың әрекеттері;
ж) үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері (ұрлықты қоспағанда), оның ішінде айдап әкету салдарынан КҚ зақымдауды қосқанда;
з) аударылу, құлау, суға бату, мұздың астына түсу, жол төсемінің астына құлап түсу;
и) су жүргізу, канализация, жылу немесе өртке қарсы желінің апаты салдарынан сумен зақымдану;
к) қозғалыссыз немесе қозғалыстағы заттарға (ғимарат, құрылыс, кедергі, жануарлар, ағаштар) соқтығысу, егер мұндай соқтығысу үшінші тұлғалардың кез келген КҚ қозғалысын шектеу және/немесе толық тоқтату үшін арнайы қондырған кедергімен/қоршаумен болмаса.
Тараптардың қосымша келісімі бойынша сақтандыру шартына КҚ ұрлаудан бөлек, қапталдағы айналарды, дөңгелектерді ұрлау тәуекелі енгізілуі мүмкін.
Қосымша жабдық ол қондырылған КҚ сақтандыруға қабылданған тәуекелдер бойынша сақтандырыла алады.

Сақтандыру жағдайы болып Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін орындауға әкеп соқтыратын, сақтандыру шартында қарастырылған, орын алған оқиға табылады.

«Жоғалту» тәуекеліне ұрлау, тонау, барымталау немесе КҚ ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз заңсыз иелену салдарынан КҚ жоғалту кіреді.

«Зақымдау» тәуекеліне сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан КҚ қалпына келтіру мүмкін, бірақ мақсатсыз болатын, сақтандырылған КҚ зақымдалуы кіреді. 

«Құрту» тәуекелі – сақтандыру жағдайының салдарынан КҚ қалпына келтіру экономикалық жағынан мақсатсыз болатын, сақтандырылған КҚ зақымдалуы. Бұл ретте сақтандырылған КҚ зақымдалуы түсінігі сақтандыру жағдайы басталған күнгі қалпына келтіру жөндеу жұмыстары бойынша шығындар тиісті лицензиясы бар, уәкілетті органдардың, ұйымдардың немесе сарапшылардың сараптама актілеріне сәйкес сақтандыру сомасының 80 (сексен) процентінен артық болатын залалды білдіреді. 

Сақтандыру шартын жасасу кезінде шартты немесе шартсыз франшиза белгленуі мүмкін.