+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Жүктерді сақтандыру

Сақтандыру объктісі – Сақтанушының (Сақтандырылушының) жүктерді (тауарларды, жолжүктерді немесе басқа жүктерді) иеленуге, пайдалануға және оларға билік етуге, сондай-ақ оны жоғалту (құрту), тасымалдаудың аралық пункттеріндегі тасымалдау тәсіліне (оның ішінде қайта тиеу/ауыстырып тиеу) және уақытша сақтауға қарамастан, тасымалдау кезінде бүлдіруге немесе зақым келтіруге байланысты мүліктік мүдделері.

Сақтандыру тәуекелдері:

  1. Барлық тәуекелдерге жауапкершілікпен:
  • Барлық немесе ішінара жүктің зақымдануы немесе толық опат болуы;
  • «жалпы авария».
  1. Жекеше аварияға жауапкершілікпен:
  • Оттың, найзағайдың, дауылдың, құйынның, жер сілкінудің, су басуы, жанартаудың атқылауы немесе басқа дүлей апаттардың, кемелердің, ұшақтардың және басқа тасымалдау құралдарының опат болуы немесе өзара соқтығысуы, не олардың қозғалмайтын немесе жүзіп жүрген заттарға ұрынуы, кеменің қайраңға отыруы, көпірдің опырылуы, кеменің мұзға соқтығысуы, ернеуден тыс сумен шайылуы, сондай-ақ өрттен құтқару немесе оны сөндіру үшін қабылданған шаралардың салдарынан жүктің толық не ішінара опат болуы;
  • Тасымалдау құралының жүкпен бірге хабарсыз жоғалуы; 
  • Жүкті тиеу, бумалау, түсіру кезінде және оны жанармаймен толтыру кезінде жүктің толық не ішінара опат болуы;
  • «жалпы авария»
  1. Күйреу (толық опат болу) жағдайынан басқа зақымдалу үшін жауапкершіліксіз:
  • Оттың, найзағайдың, дауылдың, құйынның, жер сілкінудің, су басуы, жанартаудың атқылауы немесе басқа дүлей апаттардың, кемелердің, ұшақтардың және басқа тасымалдау құралдарының опат болуы немесе өзара соқтығысуы, не олардың қозғалмайтын немесе қозғалатын (жүзіп жүрген) заттарға ұрынуы, кеменің қайраңға отыруы, көпірдің опырылуы, кеменің мұзға соқтығысуы, ернеуден тыс сумен шайылуы, сондай-ақ өрттен құтқару немесе оны сөндіру үшін қабылданған шаралардың салдарынан жүктің толық не ішінара опат болуы;
  • Тасымалдау құралының жүкпен бірге хабарсыз жоғалуы;
  • Жүкті тиеу, бумалау, түсіру кезінде және оны жанармаймен толтыру кезінде жүктің толық не ішінара опат болуы;
  • «жалпы авария»

Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша жүктің нақты құнын, сондай-ақ растаушы құжаттардың негізінде жүкті тасымалдау, сақтау және кедендік баждарды төлеу шығындарын, есепке ала отырып, анықталады.

Сақтандыру тарифтері халықаралық практиканың негізінде, жүктің сипатын, көліктің, маршруттың түрін, тасымалдау шарттарын, аралық сақтау шарттарын, жүк тасымалдаушыны, залалдардың статистикасын, франшизаның мөлшерін, сақтандыру шарттарын және т.б. есепке ала отырып, белгіленеді.

Сақтандыру қорғанысы жүкті шығатын пункттен жөнелту сәтінен бастап, оны сақтандыру шартында көрсетілген жеткізу пунктіне жеткізген сәтке дейін ұсынылады.