Мүлікті сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Мүлікті сақтандыру

МҮЛІКТІ ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ 

Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының (Сақтандырылушының) осы Ережеде немесе сақтандыру шартында көзделген мүлікті немесе құрылысты (бұдан әрі – мүлік) иеленуіне, пайдалануына және/немесе оған билік етуіне байланысты, сондай-ақ қызметтегі (өндірістегі) үзілістің нәтижесінде болжалды кірісті жоғалтумен немесе оны алмаумен байланысты мүліктік мүдделері табылады. 

Осы Ереженің негізінде азаматтар мен заңды тұлғалардың иелігіндегі ғимараттар, құрылыстар, аяқталмаған құрылыс объектілері, тұрғын үйлер, жекешелендірілген пәтерлер олардың барлық құрылымдық элементтерімен бірге, бау үйлері,  саяжайлар, шаруашылық құрылыстары, сондай-ақ олардың сәулет және құрылымдық бөліктері мен элементтері (үй-жайлар бөлігі,тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар, жеке олардың әрленуі, инженерлік инфрақұрылым элементтері); тікелей тағайындамасы бойынша пайдаланылмайтын көлік құралдары, тауарлы-материалдық құндылықтар, мұздатқыш камералардағы мүлік, Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) тиесілі жиһаз, инвентарь, үй мүлкі сақтандырылуға қабылданады.

Егер сақтандыру шартында басқалай қарастырылмаған болса, осы тармақта аталып өткен заттар сақтандыруға қабылданбайды:
- кез келген валютадағы қолма-қол ақша;
- акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар;
- қолжазбалар, жоспарлар, кестелер, сызбалар, негативті және фотографиялық кескіндер, фотонегативтер, картотекалар, бухгалтерлік және іскерлік кітаптар, басқалай құжаттар;
- кез келген таратқыштардағы ақпарат;
- нұсқалар, үлгілер, макеттер, түптұлғалар, көрме нұсқалары;
- кесек бағалы металдар және жиектемесіз бағалы тастар;
- маркалардың, монеталардың, ақша белгілерінің және боналардың, картиналардың, скульптуралар коллекциясы немесе басқа коллекциялар және өнер туындылары;
- жарылғыш заттар және ату жарақтары;
- монеталармен немесе жетондармен жұмыс жасайтын автоматтар;
- құрылыс барысындағы мүлік;
- жер;
- пайдалану барысындағы көлік құралдары;
- егін.


Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы төмендегідей белгіленеді:

1. ғимараттар, құрылыстар үшін – тозуын және пайдалану – техникалық жай-күйін есепке ала отырып, аталған аймақтағы, қаланың ауданындағы нарық құнынан шыға отырып, ғимараттар, құрылыстар құны;
2. машиналар, жабдықтар, инвентарь, үй тұрмысындағы мүлік үшін –тозуын шегергендігі, ұқсас затты сатып алу үшін қажетті сомадан шыға отырып;
3. Сақтанушы сатып алған тауарлы-материалдық құндылықтар үшін (оның ішінде шикізат, жартылай фабрикаттар) – шартты жасасу сәтіне сатып алу бағасынан шыға отырып;
4. Сақтанушы дайындайтын тауарлы-материалдық құндылықтар үшін – сақтандыру шартын жасасу сәтіне кәсіпорынның нақты шығыстарынан шыға отырып;
5. ішкі әрлеуді сақтандыру кезінде – тозу және пайдалану – техникалық жай-күйін есепке ала отырып, мәлімделген көлемнің жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнынан шыға отырып;
6. үшінші тұлғалармен шарт бойынша қарым-қатынас негізінде Сақтанушының пайдалануындағы мүліктер үшін – Сақтанушының мүліктік жауапкершілігі мөлшерінде, алайда осы Ережемен анықталатын мүлк құнынан артық емес.
Сақтандыру сомасы мүліктің нақты құнынан артық болмайды. 

Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандыру шартында белгіленеді. 

Сақтандырушы шарты 12 (он екі) ай мерзімге немесе Сақтанушы мәлімдеген басқа мерзімге жасасылады. 

Сақтандыру жағдайы

Сақтандыру жағдайы болып мүлікті сақтандыру кезінде төмендегідей оқиғалардың салдарынан мүлікті жоғалту (оның опат болуы) немесе оның зақымдалуы танылады: 
1) өрт, жарылыс;
2) найзағай соғуы;
3) дүлей апаттар (жер сілкіну, боран, құйын, дауылды (боранды) жел, су басу, сель, жанартаудың атқылауы немесе жер асты отының қозғалысы, көшкін, көшкіннің түсуі (оның ішінде қар көшкіні), қара құйын, су тасу, бұршақ, топырақ асты суларының қозғалысы, сел ағынының түсуі, мұздың зақымдауы, мұздың қалыптасуы (қызылсу мұзының қалыптасуы);
4) судың зақымдауы (бұзылған су құбыры, канализация, жылу жүйелерінің зиян келтіруі, Сақтанушыға бөтен үй-жайлардан судың өтуі), оның ішінде автоматты өрт сөндіру құрылғыларының (спринклерлі құрылғылардың) жалған ісе қосылуы. Спринклерлі құрылғылардың жалған іске қосылуы деп бұл жағдайда спринклерлі құрылғыға тікелей қатысты құрылғы мен жабдықтың оларды пайдаланудың белгіленген нормаларына қарамастан кенеттен іске қосылуы түсіндіріледі;
5) үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекетері: олардың ішінде бұзып ұрлау, тонау, қарақшылық;
6) басқарылатын ұшу аппараттарының және олардың сынықтарының құлауы

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері шарттың талаптарынан және тәуекел деңгейінің бағамынан шыға отырып, сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі. 

Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.