+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Страхование строительно-монтажных рисков (СМР)

Құрылыс – монтаж тәуекелдерін сақтандыру 

Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының (Сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына кереғар келмейтін, оның құрылыс объектісін (монтаж, қайта құру, жөндеу), құрылыс-монтаж жабдығын, техникасын, материалдарын және құрылыс алаңында пайдаланылатын басқа мүлікті иелену, пайдалану және оларға билік етуге байланысты, сондай-ақ Сақтанушының (Сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте Сақтанушы құрылыс-монтаж және іске қосу – жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ кепілдеме мерзімі ішінде, кез келген кенеттен болған немесе болжанбаған оқиғалардың туындауына байланысты үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері табылады. 

Сақтандыру жағдайы болып төмендегілердің салдарынан жұмыстарға, жүктерге, құрылыс техникасына және уақытша құрылыстарға, тұрғызылған құрылыстарға зиян келтіру фактісі, кепілдеме мерзімі ішінде келтірілген залал, «барлық тәуекелдерден» базасында сақтандыру объектісін зақымдау, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зақым келтіру:

1. дүлей апаттар / табиғи құбылыстар (қара құйын, дауыл, боран, құйын, найзағайдың түсуі, қар көшкіні, сел, жер сілкіну, опырылу, көшкін, су тасқыны, су басу, мұндай жерге тән емес нөсер, топырақ асты суының көтерілуі);  
2. өрт, жарылыс;
3. ұшқыш басқаратын ұшу аппараттарының, олардың сынықтарының құлауы; 
4. үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері: бұзып ұрлау, тонау және қарақшылық; 
5. инженерлік желілердің апаттары (су құбыры, канализация, жылумен қамтамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету); 
6. монтаж кезіндегі қателер; 
7. арқандар мен шынжырлардың үзілуі, бөлшектердің құлауы, оның ішінде, монтаждалатын блоктар мен олардың бөліктерінің, және басқа заттардың;
8. объектінің, оның ішінде олардың опырылып түскен немесе құлап түскен бөліктерінің құлауы немесе зақымдалуы; 
9. осымен шектелмеген, құрылыс алаңдарындағы басқа кенеттен болған және күтпеген жағдайлар. 
 
Сақтанушы тапсырыс беруші – құрылысшы, бас мердігер, қосалқы мердігер болуы мүмкін. 

Сақтандыру мерзімі болып дайындық жұмыстарын орындаудан бастап объектіні пайдалануға тапсыру сәтімен аяқтағандағы құрылыс (монтаж) жұмыстарын орындау мерзімі табылады. 

Сақтандыру қорғанысының әрекеті пайдалануға тапсырылған объектілердің кепілдеме кезеңіне де ұзартылуы мүмкін.  

Сақтанушы тапсырыс беруші – құрылысшы, бас мердігер, қосалқы мердігер болуы мүмкін.
Сақтандыру мерзімі болып дайындық жұмыстарын орындаудан бастап объектіні пайдалануға тапсыру сәтімен аяқтағандағы құрылыс (монтаж) жұмыстарын орындау мерзімі табылады.
Сақтандыру қорғанысының әрекеті пайдалануға тапсырылған объектілердің кепілдеме кезеңіне де ұзартылуы мүмкін.