Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ 

Сақтандыру «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533-II Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының мөлшері «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңға сәйкес белгіленетін залалдарын ішінара немесе толық өтеумен байланысты сақтанушының мүліктік мүдделері өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру объeктici болып табылады.

Міндетті сақтандыру шарты жазбаша нысанда бес айдан кем емес және он екі айдан артық емес мерзімге екі данада жасасылады.

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру кезiндегi сақтандыру жағдайларына зерттеу актiсiнде тiркелген қолайсыз табиғат құбылыстарының немесе олардың жиынтығының салдарынан сақтанушыда залалдардың туындауына әкеп соққан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң жойылуы немесе бүлiнуi жатады.

Сақтандыру сомасының мөлшері Заңда айқындалған міндетті сақтандыру ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған шартта, сақтанушы өсімдік шаруашылығы өнімінің осы түрін өсіру жөнінде шығын жұмсаған барлық алқапқа көбейтіліп, бір гектарға жұмсалған шығындар нормативіне сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің әрбір түрі бойынша жеке-жеке белгіленеді. 

Сақтандыру сомасын есептеп шығару шығындар нормативінің мынадай түрлерінің бірі бойынша: 
1) ғылыми негізделген агротехнология; 
2) оңайлатылған агротехнология; 
3) шығындардың үш түрі бойынша:
жанар-жағар май материалдары; 
тұқым; 
жалақы арқылы жүзеге асырылады.

Сақтандыру төлемі франшиза қолданылмастан, сақтандыру сомасының шегінде, Сақтанушының залалы мөлшерінде жүзеге асырылады.