Су көлігін сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Су көлігін сақтандыру

СУ ЖОЛЫ  КӨЛІГІН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының су жолы көлігін иеленуіне, пайдалануына және/немесе оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделері табылады.

Сақтандыруға жататындар:
1) белгіленген тәртіпте тіркелген және тиісті сыныбы бар теңіз, өзен, көл және аралас жүзу кемелері;
2) яхталар, моторлы қайықтар, катерлер, скутерлер (су мотоциклдері); 
3) суда орналастыруға арналған және суда орнын ауыстыруға жарамды, бірақ жүзуге арналмаған cтационарлы қосымша, құрылыс, тұрғын және басқа кемелер.

Сақтандыру сомасы сақтандыру шартында тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және сақтандыру шартын жасасу күнгі Кеменің және қосымша жабдықтың нақты (сақтандыру) құнынан артық болмауға тиіс.

Кеменің нақты құны (сақтандыру құны) Сақтандырушы жүргізетін, сақтандыру объектісі жататын сараптама бағамының негізінде анықталады. Сақтанушы мен Сақтандырушының келісімі бойынша сараптама бағамын тәуелсіз, мамандандырылған ұйымдар (бағалаушылар, сюрвейерлер) жүзеге асыруы мүмкін.
Сақтандыру шарты Кеменің нақты (сақтандыру) құнынан төмен сақтандыру сомасына жасасылған жағдайда, залалдардың мөлшеріне қатысты сақтандыру өтемінің мөлшері егер сақтандыру шартында басқалай қарастырылмаса, сақтандыру құнының Кеменің нақты (сақтандыру) құнына қатынасы бойынша есептеледі.

Сақтандыру шарты бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру тәуекелін есепке ала отырып, сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын, сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлемесін анықтайтын сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.

Сақтандыру жағдайы болып төмендегідей оқиғалардың басталуы салдарынан сақтандырылған Кемені суда жүзумен тікелей байланысты жоғалту (опат болу), оның зақымдалуы танылады:
атап айтқанда:

1) табиғаттың қолайсыз жағдайлары – қатты жел және су бетінде толқынның көтерілуі;
2) табиғаттың қолайсыз жағдайларының салдарынан Кеменің суға батуы немесе төңкерілуі, сонымен бірге судың Кеменің ішіне өтуі, Кеменің корпусына судың өтуі; немесе трюмда жүкті ауыстыру салдарынан оның төңкерілуі;
3) басқа кемелермен соқтығысу;
4) жүзуші және қозғалмайтын объектілермен түйісу;
5) су түбіне жанасу және қайырға отырып қалу.

1.өрт, жарылыс;
2.қауіптілік кезінде залалдың артуын болдырмау мақсатында Кеменің жабдығына кіретін мүлікті борттың сыртына әдейі лақтырып жіберу;
3.жер үсті көліктерімен, айлақтардың немесе доктардың жабдығымен немесе құрылғысымен соқтығысу;
4.жер сілкіну, жанартаудың атқылауы немесе найзағай соғуы;
5.жүкті тиеу, түсіру немесе орнын ауыстыру, отынды тиеу немесе түсіру кезіндегі уақиға;
6.қазанның жарылуы, біліктің сынуы; 
7. Кеменің машиналарының немесе корпусының жасырын ақаулары, Кеменің құрылғысындағы қателер;
8. ұшуды басқаратын аппараттармен, олардың сынықтарымен соқтығысу;
9. үшінші тұлғалардың (команда мүшелерінен басқа) заңсыз әрекеттері.
Егер жоғалту, опат болу немесе зақымдалу осы Ереженің 5-бабымен алынып тасталмаса.
Сақтандыру шартында Сақтандырушының төмендегідей тәуекел топтары бойынша жауапкершілігін қарастыратын сақтандыру талаптары қарастырылуы мүмкін:

Сақтандырылған Кеменің опат болуы немесе зақымдалуы.

Осы талапта жасасылған сақтандыру шарты бойынша өтелетіндер:
1) Кеменің толық опат болуы (шынайы немесе құрылымдық) салдарынан залалдар немесе осы Ереженің 5.1.-тармағында аталып өткендерден басқа кез келген себептер бойынша оның корпусының, механизмдерінің, машиналарының, жабдықтарының зақымдарын жою бойынша шығындар;
2) Кеменің үлесі бойынша жалпы апат бойынша залалдар, шығындар мен жарналар;
3) Кемені құтқару бойынша қажетті және мақсатты жасалған шығындар;
4) егер залал сақтандыру шартының талаптары бойынша өтелетін болса, залалды болдырмау, оның мөлшерін азайту және оны белгілеу бойынша қажетті және мақсатты жасалған шығындар.

Сақтандырылған кеменің зақымдалуы.

Осы талапта жасасылған сақтандыру шарты бойынша өтелетіндер:
1) кез келген себептер бойынша Кеменің зақымдалуын, оның механизмдерінің, машиналарының немесе жабдықтарының зақымдарын жою бойынша шығындар;
2) Кеменің үлесіне қарай жалпы апат бойынша залалдар, шығындар мен жарналар;
3) егер залал сақтандыру шартының талаптары бойынша өтелетін болса, залалды болдырмау, оның мөлшерін азайту және оны белгілеу бойынша қажетті және мақсатты жасалған шығындар.

Кеменің толық опат болуы. 

Осы талапта жасасылған сақтандыру шарты бойынша кез келген себеп бойынша орын алған Кеменің толық опат болуы (шынайы немесе құрылымдық) салдарынан болған залалдар өтеледі.

Кеменің толық опат болуы, оны құтқару шығындарын қоса алғанда. 

Осы талапта жасасылған сақтандыру шарты бойынша өтелетіндер:
1) кез келген себептер бойынша орын алған Кеменің толық опат болу (шынайы және құрылымдық) салдарынан болған залалдар;
2) Кемені құтқару, залалды болдырмау, оның мөлшерін азайту және белгілеу бойынша қажетті және мақсатты жасалған шығындар.