+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Әуе көлігін сақтандыру

ӘУЕ ЖОЛЫ КӨЛІГІН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ 

 Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының әуе жолы кемесін иеленуіне, пайдалануына және/немесе оған билік етуіне байланысты мүліктік мүдделері табылады.

Сақтандыруға жататындар:

а)әуе жолы кемелері;

б) сақтандырылған әуе жолы кемелерінің қосалқы бөлшектері және қосымша жабдықтары;

в) Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалдың алдын алу немесе оны азайту шығындары.

Сақтандыру сомасы сақтандыру шартында тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және сақтандыру шартын жасасу күнгі әуе жолы кемесінің және қосымша жабдықтың нақты (сақтандыру) құнынан артық болмауға тиіс.

Нақты (сақтандыру) құн сақтандырылған әуе жолы кемесімен ұқсас маркадағы, үлгідегі, шығарылған жылы, ұшу уақыты, жабдықталуы және техникалық жай-күйі бірдей әуе жолы кемесін сатып алу құны ретінде анықталады, мұның ішіне әуе жолы кемесін тіректену аэропортына жеткізу құны кіреді.

Сақтандыру жағдайы болып төмендегідей оқиғалардың басталуы салдарынан сақтандырылған әуе кемесін жоғалту (опат болу), оның зақымдалуы танылады:

а) авиациялық уақиға, қақтығыс;

б) өрт, найзағайдың соғуы;

в) жер сілкіну, дауыл, құйын, су басу, сел, қара құйын, топырақ көшкіні, таудың опырылып құлауы, бұршақ, көшкін;

г) топырақтың отыруы;

д) ұрлап әкету немесе айдап әкету;

е) үшінші тұлғалардың әрекеттері;

Сақтандыру жағдайына қосымша Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандырылған әуе жолы кемесін жоғалту (опат болу) немесе оның зақымдалуына байланысты төмендегідей шығындарды тарту тәуекелі сақтандырылуы мүмкін:

а) апат немесе мәжбүрлі қонуға байланысты әуе жолы кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындары;

б) әуе жолы кемесі форс-мажор жағдайлары кезінде ол ұшып шыға алмайтын қандай да бір орынға қонуы жағдайында әуе жолы кемесін бөлшектеу шығындары, сондай-ақ қонған жерінен әуе жолы кемесін, ол зақымдалмаған болса да, оны пайдалануды қалпына келтіру үшін қолайлы жақын орынға дейін тасымалдау бойынша орынды шығындар;

в) іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу шығындары.

Осы көзделген шығындарға қатысты сақтандыру сомасы сақтандырылған әуе жолы кемесі сақтандыру құнының 10%-нан артық белгіленбеуге тиіс.

Сақтандыру шарты 12 ай мерзімге немесе Сақтанушы мәлімдеген басқа мерзімге жасасылады.