Темір жол көлігін сақтандыру

 +7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77770085070

Темір жол көлігін сақтандыру

Сақтандыру объектісі – Сақтанушының (Сақтандырылушының) темір жол көлігін иелену, пайдалану және оған билік етуге байланысты мүліктік мүдделері.

Төмендегідей темір жол көлігі сақтандыруға жатады:

1-топ – жабық вагондар, платформалар, жартылай вагондар;

2-топ – окатыш тасығыштар, автомобильдер тасуға арналған вагондар, думпкарлар;

3-топ – цистерналар, вагондар – астық тасушылар, вагондар – минерал тасушылар, фитинг платформалар, сода тасушылар;

4-топ – цемент тасушылар, контейнер тасушылар, белағашы 12-ге дейін, санды транспортерлер және 1, 2, 3, 5, 6-топтардың құрамына кірмейтін басқа вагондар;

5-топ – рефрижератор вагондар, белағашы 16 және одан жоғары, санды транспортерлер;

6-топ – вагон – термостар;

7-топ – темір жол көлігінің басқа түрлері.

Төмендегідей жағдайлардың салдарынан темір жол көлігін зақымдау немесе құрту (жоғалту) тәуекелі сақтандырылады:

1) опат болу, авариялар, соқтығысу немесе рельстен шығып кету (сапарлар кезінде және маневр жұмыстары кезінде), туннельдердің опырылуы;

2) өрт, жарылыс және найзағай соғуы;

3) боран, дауыл;

4) жер сілкіну, жанартаудың атқылауы немесе жерасты отының әрекеті;

5) көшкін, сел, тау көшкіні, су тасқыны, жердің отыруы, құйын, бұршақ, нөсер;

6) ұрлық, барымта, тонау немесе үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеті;

7) ұшатын аппараттардың ұшу кезінде құлауы немесе олардың сынықтарының және ондағы заттардың құлауы;

8) тиеп-түсіретін жұмыстардың технологияларының бұзылуы.

Тәуекелдер жиынтығында немесе олардың кез келген қиылысында қолданылуы мүмкін.

Сақтандыру сомасы темір жол көлігінің нақты құны мөлшерінде белгіленеді.

Сақтандыру тарифі темір жол көлігінің түріне, сақтандыру аумағына, залалдардың статистикасына, франшизаның мөлшеріне, сақтандыру шарттарына, орны толтырылған тәуекелге және т.б. сай белгіленеді.