+7 (727) 2 599 899, 797, WhatsApp +77719933750

Шет елге шығатын азаматтарды сақтандыру

Көптен күткен демалысқа немесе шет елге маңызды іссапарға барар алдында біз уақытты қалай өткізетіндігімізді, жаңа адамдармен танысатындығымызды, қаланың көрнекті жерлерін аралап, уақытты көңілді өткізуді жоспарлаймыз, ал егер іскерлік сапар болса, маңызды кездесулер мен келіссөздер туралы ойлаймыз.

Алайда, өмірде түрлі жәйіттер, оның ішінде жайсыз жәйіттер де орын алады. Сондықтан алыс сапарға шығар алдында шет елге шығушыларға арналған сақтандыру полисін сатып алуды ұмытпаңыз. 

Егер Сізге медициналық көмек қажет болып қалса, мұндай полис болжалды қаржы мәселелерін шешуге көмектеседі. Сақтандыру полисін сатып алуға кеткен азғантай шығын басқа елде көрсетілетін медициналық қызметтің шығынын өтеуге жеткілікті болады. 

Біздер туристерге, спортшыларға және бизнесмендерге арналған сақтандыру бағдарламаларының бірнеше түрін ұсынамыз. «Казахинстрах» менеджерлері сақтандырудың ең қолайлы және тиімді бағдарламасын таңдауға көмектеседі. Ал сақтандыру бағдарламасының құнын Сіз сақтандыру калькуляторын пайдаланып, өзіңіз де есептей аласыз. Сапарыңыз сәтті болсын!
Сақтандыру полисінің құны Сіздің меншікті автомобиліңіз үшін жан тыныштығыңызбен салыстырғанда едуәір төмен.